Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандық таңдау бәрінен маңызды

Мамандық таңдау бәрінен маңызды

Осы аптада Қызылорда ашық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.Әлібекова және Қызылорда ашық университеті "Мансап" орталығының бас маманы Н.Саймағанбетов ауданға арнайы келіп, аудандық мәдениет үйінде ата-аналармен және мектеп бітіруші түлектермен жүздесіп, жаңа оқу жылы қарсаңында мамандық таңдаудың маңыздылығы және оқу орнындағы жаңа мүмкіндіктер жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуді аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова ашып, ауданға арнайы келген мамандарды таныстырып, жаңа оқу жылы қарсаңында талапкерлер үшін мамандық таңдаудың маңыздылығы жайында сөз сабақтады.
Қызылорда ашық университетінің Арал қаласындағы қашықтықтан білім беру орталығы ашылып, бакалавриаттың 24 білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізіп келеді. Аталған университетте қоғамда өзекті әрі маңызды деген мамандықтар тізімі бар.
Бұл университетінің Арал қаласындағы қашықтықтан білім беру орталығын ашудағы басты мақсаты – университеттің атауы айтып тұрғандай ашық, қолжетімді білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және білім беруді басқару, оқыту және зерттеу тұрғысынан оқу орынның сапасын жақсарту, қашықтықтан оқыту жүйелері мен кәсіби стандарттар арқылы білім беруге ықпал жасау, ашық және қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.
Кездесуде Қызылорда ашық университетінің өкілдері талапкерлер мен ата-аналардың сауалдарына жауап беріп, сұранысқа ие мамандықтар бойынша маңызды мәліметтерді ортаға салды.
Н.ХАМИТҚЫЗЫ

Фото: автордан
26 шілде 2025 ж. 25 0