Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БЕЙІНДІ СЫНЫП» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БЕЙІНДІ СЫНЫП» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен екі жақты ынтымақтастық негізінде «Педагогикалық бейінді сынып» жобасын жүзеге асыруда.
Аталмыш жобаның мақсаты – білім алушыларды педагог мамандығына тарту, қабілетін дамыту, кәсіби әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.

Бірлескен жоба аясында білім ордасының оқушылары ҚР профессор-докторлары мен Қорқыт Ата университеті ғалымдарынан дәріс алып, гуманитарлық пәндерді терең зерттеп, әлеуметтік, педагогикалық және әлеуметтік-мәдени бағытта түрлі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады.

-Бүгінгі қоғамда маңызы бар айрықша жобаны қолға алғалы отырмыз. Мамандық таңдау жоғарғы сынып білім алушыларының өзекті мәселесі. Бүгінгі таңда, әсіресе, мұғалім мамандығына сұраныс артып отыр. Осы орайда біздің жаңа жобамыз уақыт сынынан сүрінбей өтетін заманауи жоба бола алады деп ойлаймын, - деді мектеп-лицей директоры Айгүл Алтынбекқызы.

Айта кетейік, бүгінде жобаның алғашқы жұмысы басталып, мектеп-лицейде ҚР профессор-докторлары мен Қорқыт Ата университеті ғалымдарының қатысуымен Openconf өткізілді. Жиынға арнайы Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының директоры Ирина Шеститко қатысып, бейінді сынып жобасына өз қолдауларын білдіретіндігін жеткізді.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
06 сәуір 2023 ж. 410 0