Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сәбиді құтқару үшін тікұшақ тартылды

Қызылордада сәбиді құтқару үшін тікұшақ тартылды

Қызылордада сәбиді құтқару үшін тікұшақ тартылды. ТЖМ-ға қарасты "Қазавиақұтқару" қызметінің ұшқыштары Жаңақорған ауылынан сәбиді шұғыл түрде Қызылорда қаласындағы ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, баланы шұғыл ауруханаға жатқызу қажет болған. Оны қауіпсіз әрі жедел жеткізу үшін тікұшақпен тасымалдау туралы шешім қабылданған.
Сәби анасымен бірге медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер оған қажет көмек көрсетті.

Бұған дейін ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысындағы таулы аймақта тұтанған өртті сөндіру үшін әуеге тікұшақ көтерген еді.

Фото: massaget.kz
27 шілде 2025 ж. 50 0