Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайық

Суға әр түрлі жас топтарындағы адамдар түседі.Бірақ суға батқандардың көбісі-жас ер азаматтар.Су айдындарында адамдардың қаза болуының себептері де әртүрлі. Суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, енді бірі тыйым салынған орындарда суға шомылғандар,ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар.
Суға түсуге барған адамдар төменде көрсетілген қағидаларды ескеруі қажет!
– қауіпсіз немесе арнайы белгіленген жерлерден, жағажайларда және шомылатын жерлерден бөлек жерлерде суға түсуге;
– суға шомылып жатқан балаларыңызды қараусыз қалдыруға;
– суда ойнауға,тентектік жасауға;
– шомылу барысында камера, доп, ағаштарды пайдалануға;
– жүргінші және көлік көпірінен суға сүңгуге;
– жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге;
– салқын суда ұзақ болуға;
– ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге;
– тыйым салынған жерлерде, терең және лай-қоқыс жерлерде суға түсуге;
– судың қатты ағынына тап болғанда, ағынға қарсы жүзуге;
– бейтаныс жерден суға секіруге;
– түнгі мезгілде суға шомылуға;
– таныс емес жерлерде жүзуге жол бермеу қажет!
Барлық балалар назарына:
– арнайы суға түсуге арналған жерлерден,басқа жерлерге түсуге;
– суға түсу кезінде кемелерге,басқа да жүзу құралдарына жақын баруға;
– таныс емес жерлердегі, жағалаулардағы суға сүңгуге;
– су температурасы төмен болғанда суға түсуге;
– суға сынған банкілерді, әйнектерді және т.б заттарды лақтыруға;
– суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдалануға;
– суға үлкен адамдардың қарауынсыз шомылуға болмайды.
Демалыс орындарында,сауықтыру лагерьлерінде суда өзін қалай ұстау керектігі жайлы нұсқама плакаттар ілінген. Судың қаншалықты қауіпті екендігін, қандай қасіретке алып келетіндігін барша қауым терең ойлап, басты назарда ұстағандары жөн.
Су айдындарының көбісі шомылуға арналмаған. Бірақ, соған қарамастан, балалар да, ересектер де барып, суға шомылатындары жасырын емес.
Адамның өмірінен артық құндылық жоқ. Сондықтан да, суға түскен кезде қарапайым ережелерді сақтау керек. Сонда ғана тілсіз жаудың қауіп-қатерінен аман қалуға болады.
Жоғарыда айтылған ескертпелерді ескерте келе айтарымыз: Қала тұрғындарын және аудан қонақтарын судағы қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамыз!
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі