Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауларды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы реттеу

Дауларды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы реттеу

Сотқа жүгінген дау тараптарының дауды келісіммен шешулеріне нақты мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін азаматтық процестік заңнамада дауларды шешудің балама түрлері қарастырылған, олар  Азаматтық процестік кодексінің 17 тарауында келтірілген «Татуластыру рәсімдері».
Осының негізінде тараптардың ымыраға келуі арқылы азаматтық істердің медиация тәртібімен тоқтатылу рәсімдері жиі кездеседі.
Мәселен, өткен аптада аудандық сотта несие қарыздарын өндіру туралы 7 талап қою медиация тәртібімен тоқтатылған.
Сондай-ақ, некені бұзу туралы 2 талап қою ерлі-зайыптылардың татуласуларына байланысты қараусыз қалдырылған.
Осылайша тараптар істі бітіммен аяқтап, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрыңғы қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.
Арал аудандық соты
11 тамыз 2025 ж. 50 0