«Ауыл аманаты» - тиімді жоба

Арал қаласының тұрғыны Аңсаған Мұхиядинқызы пайыздық мөлшерлемесі әлдеқайда төмен жобаның 7 млн. 130 мың теңге қаржылай қолдауына ие болды. Бұл қаржыға кәсіп иесі кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашты. Бүгіні таңда цехта 7 қызметкер жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкер несие арқасында өнімдер дайындайтын арнайы аппараттар мен құрал жабдықтар алған атап айтқанда италияндық смек пештерін кондитерлік өнімдерді пісіретін қосалқы пештерді алған. Цехта торттың 10, мини десерттің 6 түрі дайындалып күніне 400 ге жуық өнім аудан орталығымен ауылдық жерлерге сатылымға шығады.
Аңсаған Мұхиядинқызы алдағы уақытта өз кәсібін дамытып цехты үлкейтуді және нан өнімдерін дайындайтын қосымша жұмыс көзін ашуға ниетті.
«Қазір еңбек етемін деген азаматқа мүмкіндік көп. Соның ішінде «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын ерекше атап өтер едім. Азаматтар үшін өте тиімді жоба. Пайыздық мөлшері, төлеу шарты барлығы кәсіпкердің аяғына тұрып кетуіне ойластырылған.Жоба нәтижесінде осы кәсіпті бастадым. Алдағы уақытта алғашқы қарызымды қайтарып, қосымша жаңа кәсіп көзін ашсам деген ниетім бар.»
«Ауыл аманаты» жобасының игілігін көрген жеке кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді де көздейді.
#AMANAT