Акция аясындағы қолдау

Атаулы акция биыл да өз жалғасын табуда. Аудандық кәсіподақ комитеті осы бастамадан шет қалмай, акция аясында барлығы 180 балаға оқу құралдарын табыстады.
Бұл шараның басты ерекшелігі – кәсіподақ комитетінің қолдауы мектептер мен балабақшаларда еңбек етіп жүрген қызметкерлердің балаларына арналды. Өйткені білім беру мекемелеріндегі әр қызметкер – оқу-тәрбие үдерісінің бөлінбес бөлігі, балалардың сапалы білім алып, жайлы ортада өсуіне үлес қосушы жандар. Сондықтан олардың балаларына көрсетілген бұл қамқорлық ерекше мәнге ие.
Кәсіподақ комитетінің мұндай игі қадамы – әлеуметтік әділдікті нығайтып қана қоймай, білім саласы қызметкерлерінің арасында өзара сенім мен қолдауды күшейтеді. Ата-аналар кәсіподақ ұйымына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, бұл дәстүрдің алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім артты.
«Мектепке жол» акциясы – болашақ ұрпаққа деген қамқорлық пен сенімнің белгісі. Бұл бастама арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік нығайып, әрбір баланың арманына қанат бітіруге мүмкіндік жасалады.
«Толқын» ақпарат