«Ауыл аманаты» жобасы аясында ағаш шеберханасы ашылды

Шеберхана заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта мұнда Қытай зауыттарынан әкелінген жаңа үлгідегі 6 аппарат орнатылған. Олардың көмегімен ағашты жону, бұрыштарын өңдеу және бір деңгейлі шығару жұмыстары сапалы әрі тиімді орындалады.
Жаңа кәсіпорын іске қосылғаннан бері аудан аумағынан тапсырыс көбейген. Әсіресе балабақшалар мен мейрамханаларға қажетті жиһаздарға, тұрғын үйлердің баспалдақтарына сұраныс жоғары.
Кәсіпкер алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, жұмыс орындарын арттыруды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, негізгі мақсат – жергілікті халықты қолжетімді әрі сапалы ағаш бұйымдарымен қамтамасыз етіп, аудан экономикасының дамуына үлес қосу.
«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына кәсіп ашуға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашуда. Бақбергенов Серік Шұхманұлының шеберханасы – осы бастаманың нақты нәтижесі.