Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тіл тірегіміз - соғып тұрған жүрегіміз" атты дөңгелек үстел өткізілді

"Тіл тірегіміз - соғып тұрған жүрегіміз" атты дөңгелек үстел өткізілді

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай "Тіл тірегіміз - соғып тұрған жүрегіміз" атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің өткізілуінің мақсаты – оқушыларға тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – қазынамыз ретінде халықтың ең құнды байлығы екенін түсіндіру. Өйткені  бұл мерекенің маңыздылығы - тілдердің әрбір жанға үштұғырлығын тануда өз рөлін атқарады. Бұл Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кірігуге және басқа ұлттармен байланысты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Дөңгелек үстелді өткізудің өзі өзі оқушылардың Тіл-халықтың әл-ауқаты, ол ұлттардың бірлігі мен тұтастығын түсінуіне зор ықпал етеді. Тіл-білім беру құралы және адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын тірек. Сол себепті  Тілдер күні - Қазақстанның барлық азаматтарының достығының, туыстық пен бірліктің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.  Дөңгелек үстел барысында Мұқағали Мақатаевтың "Үш бақытым" өленің Марат Рахиим орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. 
"Толқын" ақпарат
17 қыркүйек 2025 ж. 232 0