Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Кітабым- алтын қазынам" атты дөңгелек үстел өткізілді

"Кітабым- алтын қазынам" атты дөңгелек үстел өткізілді

Аудандық орталық кітапханада "Кітабым- алтын қазынам" атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары қатысып, онда кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы сөз қозғалды.
Дөңгелек үстел барысында кітапханашы Жаңалық Төлегенова оқырмандарға кітаптың құндылығы мен өміршеңдігін түсіндірді. Сонымен қатар ол сөз сөйлеп, тақырып аясындағы өз ой-пікірін былайша білдірді: "Кітап – біздің рухани құндылығымыз. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақты тәрбиелеу. Кітап оқу адамның ой- өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөздік қорын дамытады. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі".
Шара соңында кітапхана қызметкерлері оқырмандарды қорға келіп түскен жаңа әдебиеттермен, көпшілік оқырманға арналған тағылымға толы кітаптармен таныстырды. Оқушылар дөңгелек үстелден алған жағымды әсерлерін жасырмай, кітап оқуға үндейтін жиындардың жиі болғанын қалайтындарын жеткізді.
"Толқын" ақпарат
12 қазан 2022 ж. 1 160 0