Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында профилактикалық шаралар жүргізілуде

“Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында профилактикалық шаралар жүргізілуде

“AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында елді мекендерде жылу маусымына байланысты тұрғын үйлерге профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттап, төтенше жағдайлардың алдын алу.

Жыл сайын қысқы маусымда пеш жағу, электр құралдарын шамадан тыс пайдалану, газ жүйелерін дұрыс қадағаламау салдарынан тұрмыстық өрт оқиғалары жиілеп кететіні белгілі. Осыны ескерген мамандар тұрғын үйлерді аралап, жылыту жүйелерінің жағдайын тексеріп, қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Әсіресе, көпқабатты үйлер мен жеке секторда орналасқан баспаналар назарға алынды.
Профилактикалық шара барысында әр отбасыға өрт қауіпсіздігі жөніндегі жадынамалар үлестірілді. Азаматтарға пештің мұржасын уақытылы тазалау, электр сымдарын артық жүктемеуге тырысу, газ плиталары мен жылытқыш құралдарын қараусыз қалдырмау жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмаудың және төтенше жағдай болған жағдайда дереу құтқару қызметіне хабарласудың маңыздылығы түсіндірілді.
#АМАНАТ
29 қыркүйек 2025 ж. 186 0