Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

“АMANAT” партиясы Арал аудандық филиалы жастардың әлеуметтік жағдайына ерекше назар аударуда. Осы мақсатта бүгін аудан аумағындағы колледждердегі студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жұмыстарына партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы, фракция мүшесі Құлмырзаев Мейрамбек Оразғалиұлы және комиссия мүшелері қатысты.

Мониторинг барысында Арал көпсалалы колледжі мен Арал индустриалды-техникалық колледжінің жатақханаларындағы студенттердің тұрмыс-тіршілігімен, санитарлық жағдайларымен және тұрмыстық қажеттіліктердің қамтамасыз етілуімен танысты. Сондай-ақ, жастардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Мониторинг нәтижесінде жатақхана әкімшілігіне бірқатар ұсыныстар берілді.
“АMANAT” партиясының өкілдері мұндай мониторингтік шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын, жастардың білім алуына және өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау партияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
#“АMANAT”
08 қазан 2025 ж. 201 0