Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында алып сәби дүниеге келді

Қызылорда облысында алып сәби дүниеге келді

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай салмағы 6,5 келі сәби босанды. Бұл өңірдегі орташа көрсеткіштен екі есе артық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, босану процесі қиын өткен. Нәрестеге реанимациялық көмек пен қосымша ем қажет болған. Оның жағдайын облыстық көпсалалы аурухананың мамандары бақылап отыр.

Қазір ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Балаға Қуанышбек деген есім берілген.

"Ота сәтті өтті. Жағдайымыз жақсы", - деді өңір тұрғыны.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
16 қазан 2025 ж. 229 0