Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді қабылдау өткізді

Мобильді қабылдау өткізді

“AMANAT” партиясының Арал аудандық филиалының мобильді топ өкілдері Мергенсай ауылдық округіне қарасты Жалаңаш елді мекенінде тұрғындармен мобильді қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік, инфрақұрылымдық және тұрмыстық мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған шара ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ықпал етіп, азаматтардың пікірін тыңдауға және өтініштерін жедел қарауға мүмкіндік берді.
Мобильді қабылдаулар алдағы уақытта да ауданның өзге елді мекендерінде жалғасын табатын болады.

#АМАНАТ
22 қазан 2025 ж. 195 0