Мобильді қоғамдық қабылдау Жалаңаш елді мекенінде өтті

Кездесуге «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың төрағасы Төреахметов Базарбай Шөменұлы, Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, аудандық мәслихат депутаттары Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы, Жұмашева Индира Жайылғанқызы ,Арал аудандық көпбейінді орталық аурухананың басшысының орынбасары Үмбетов Қанат, Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Өтеналиев Талапбек қатысты.
Жалаңаш елді мекенінде ұйымдастырылған мобильді қабылдауда өтініштердің басым бөлігі жол, денсаулық, жұмыссыздық саласына қатысты болды.
Мобильді топ өкілдері тарапынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.



#AMANAT