Ерекше жандардың арасында сайыс өтті
Республика күні мерекесі қарсаңында ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар арасындағы аудандық эстафета жарысы өтті.Жаратылысы ерекше жандардың өмірге деген құлшынысын арттырып, салауатты өмір салтын ұстану арқылы олардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдағы тең мүмкіндіктерді насихаттауға бағытталған сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Салауатты өмір салтын ұстанып, бой сергіту сәтін күткен ерекше жандар өзара бес топқа бөлініп сайысты. «Алаш», «Жігер», «Қыран», «Бірлік» және «Жалын» топтары сайыс көркін қыздырып, мерекенің мәнін айшықтай түскендей әсер қалдырды.
Тартысқа толы сайыстың қорытындысымен жеңімпаз атанған командаларға «жүйрік топ», «белсенді топ», «көңілді топ», «ұйымшыл топ», «ұшқыр топ» номинациялары мен арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.






"Толқын" ақпарат







