“Есірткіге жол жоқ!. Есірткінің түрлері ” тақырыптары бойынша кездесу өтті
2025 жылғы 14-қараша жоспарға сәйкес Арал станциясындағы КПб-нің бастығы және жеке құрам қызметкерлері Арал теңізі ст.вокзалыына келуші жолаушы азаматтармен кездесіп “Есірткіге жол жоқ!”, “Есірткінің түрлері ”, тақырыптары бойынша кездесу өткізді, салауатты өмір салтын ұстанып, есірткіге адамның тәуелділігі мен тәуелділікті тудыратын басқа заттардың орны толмас зияны туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. Арал станциясындағы КПб қызметкерлері оларға немесе жанындағы жақын адамдарына есірткіні қолдануға кеңес берілген жағдайларда қалай әрекет ету керектігіне басым көңіл бөлдірді. Кейбіреулер есірткіні бір рет қолданғаннан ештеңе болмайды деп жалған ақпарат береді, адамның оған қалай тәуелді болып кететіні жайында мысалдар келтірілді. Қызметтік іздестіру итінің көмегімен әр түрлі жағдайларда есірткі затын анықтап табу туралы айтылып, көрсетілді. Жас өспірім арасында есірткіні қолдану және тарату мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді Арал станциясындағы қызметкерлері нашақорлықпен өмірлері мен жақындарынан айырылған атақты адамдардың өмірінен мысалдар келтірді. Арал ст.КПб қызметкерлері профилактикалық жұмыстары үнемі жүргізілуде.










