Ардагер асқан асу
Ішкі істер саласында абыройлы қызмет істеп, ел тыныштығы жолында аянбай еңбек еткен азаматтар жетерлік. Олар әділеттілік салтанат құруын басты назарға алып, кейде жанкешті істерімен де танылды. Солардың бірі –бүгінде 80 жастын төріне шыққан зейнеттегі майор Балабай Сүйеубаев.Балабай Шынбергенұлы1945жылы Құланды ауылдық кеңесінде шаруа отбасында дүниеге келген. Мектепті 1951 жылы Райым ауылындағы 1-шісыныбынан бастап, Көкарал, Аван ауылдарының мектептерінде жалғастырып, 1962 жылы Ақбасты ауылындағы мектептен бітірген.
1962-1964 жылдары Ақбасты ауылында жұмысшы болған. 1964 жылдың қазан айында әскер қатарына шақырылып, 1967 жылы Отан алдындаға әскери міндетін атқарып келді. 1969 жылы Аралбалық комбинатында жұмыс істеп, кейін Арал аудандық ішкі істер бөлімінің күзет бөлімінің бөлімше командирі болып қызметке тағайындалады. 1983-1986 жылдар аралығында Алматы қаласындағы ІІМ-нің орта мектебін бітірді. 1986 жылы Арал аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияның инспекторы қызметіне тағайындалады. Онан соң учаскелік полиция инспекторы, анықтау бөлімшесінің аға анықтаушы қызметтерін атқарып, 1997 жылы майор шенімен зейнеткерлікке шықты.
Қызмет жасаған жылдарында облыстық ішкі істер бөлімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. 2025 жылдың мамыр айында ҚР ІІМ-нің Ішкі істер органының «Құрметті ардагері» медалімен марапатталды.
Балабай Шынбергенұлы қызметте абыройлы болумен қатар, отбасылық бақытқа да бөленіп, ұрпақ өрбіткен жан. ЗайыбыДаража екеуі бесбала тәрбиелеп өсірді. Оларданнемерелер, шөберелер сүйіп, ырысты, берекелі отбасы иесі атанып отыр.
2024 жылдан бастап 10 қараша ішкі істер органының ардагерлер күні болып аталып өтуде. Биыл аталмыш күні аудандық ардагерлер бас қосып, жоғарғы деңгейде аталып өтті. 75-жастан асқан ардагерлерімізге Қызылорда облысы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, облыстық полиция департаменті бастығының кеңесшісі Ә.Б. Шаймағамбетовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Көргені көп, түйгені мол ардагерімізбен жуырда аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу кешін өткіздік. Ағамыз кездесуде тәлімгер есебінде келіп, қызметте жүрген ізбасарларынаөз тәжрибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін береді. Кездесу кеші барысында Арал аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы қызметкерлері мен аудандық ішкі бөлімінің ардагерлері Балабай Шынбергенұлын80 жас мерей тойымен құттықтап шапан кигізіп, Қызылорда облыстық ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңісінің төрағасының, Арал АПБ-нің басшысы мен аудандық ішкі істер бөлімінің ардагерлері кеңесінің құттықтау хатын және Арал аудандық, Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағаларының құттықтауларын табыстады. Кеш соңы көңіл марқайтар әуезді әнемен өрілді.
Жалдыбай Жанабаев,
Арал аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі
Арал аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі










