Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының ғимаратында азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі бойына баспаналы болу, әлеуметтік қолдау шараларына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Аудан әкімі қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына «е-otinish» бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
19 қараша 2025 ж. 108 0