Аудан басшысы тұрғындарды жеке қабылдады

Қабылдауға жазылған азаматтар аудан басшысымен жүзбе-жүз кездесіп, өздерін толғандырған ұсыныстарын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан жұмыссыздық және тұрғын үй салу үшін жер алу сынды мәселелер көтерілді. Мұнан өзге де әлеуметтік мәселелер жеке қабылдауда айтылып, аудан басшысы барлық сауал сала мамандарымен бірге мұқият зерделеніп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді.
Қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

