Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрбір тұрғынның сауалы ескерусіз қалмайды

Әрбір тұрғынның сауалы ескерусіз қалмайды

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға жазылған тұрғындар тарапынан көбіне тұрғын үй және жұмыссыздық мәселелсі көтерілді. Қаладағы Байтұрсынов тұйығының тұрғыны, көше комитетінің төрағасы Ш.Кимбаева көшедегі тазалық және көше бойынша жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін көтерді. Аудан басшысы елдің тілегі бойынша айтылған ұсыныс назарға алынатынын жеткізді.
Бұдан өзге аудан әкімінің қабылдауына келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайтыны айтылды. Жұмыс іздеуші кейбір азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылса, баспана мәселесіне байланысты кезектілік тәртібі қатаң сақталатынын жеткізді. Көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала мамандары әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастыратын болады.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
29 тамыз 2024 ж. 112 0