Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке қабылдауда тұрғындар талабы ескерілді

Жеке қабылдауда тұрғындар талабы ескерілді

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселеге құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, жұмыссыздық бойынша аудан әкіміне жүгінген тұрғындарға барлық мәселе жергілікті қоғамдық кеңестің шешімі арқылы ретелетіндігі түсіндірілді.
Қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

28 желтоқсан 2024 ж. 122 0