“AMANAT” ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ САЛЫҚ МӨЛШЕРІН 4%-ДАН 2%-ҒА ТӨМЕНДЕТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтіп, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін маңызды мәселе қаралды. Сессия барысында “AMANAT” партиясы фракциясының депутаттары шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған салық мөлшерін төмендету жөніндегі бастаманы қолдап, тиісті шешім қабылдады.Күн тәртібіне сәйкес, аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін жүктемені азайту мақсатында салық мөлшерін 4%-дан 2%-ға төмендету мәселесі қаралды. Талқылау барысында депутаттар аталған өзгерістің кәсіпкерлерге нақты қолдау болатынын, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті экономиканың жандануына оң ықпал ететінін атап өтті.
Сессияда сөз алған фракция мүшелері бұл бастаманың ауданның бизнес ахуалын жақсартуға, инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, қабылданған шешімнің нәтижесінде кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесі азайып, өндірістік және қызмет көрсету салаларының кеңеюіне жол ашылатыны жеткізілді.
Қорытындысында депутаттар салық мөлшерін 4%-дан 2%-ға төмендету туралы шешімді бірауыздан қолдап, шешім қабылданды.
Аталған шешім аудан кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жергілікті экономиканың дамуына серпін берері күтілуде.









