Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл мәселесі – елдің тамыры: Жиындағы көтерілген бастамалар жаңа серпін береді

Ауыл мәселесі – елдің тамыры: Жиындағы көтерілген бастамалар жаңа серпін береді

Елордада өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасыеліміздің ауылдық өңірлеріндегі жағдайды талқылаудың маңызды алаңына айналды. Жиын барысында ауылдың болашағы, әкімдердің жауапкершілігі және аймақтарды дамытуға бағытталған нақты қадамдар жан-жақты талқыланды. Қатысушылар Мемлекет басшысының елдімекендердегі ахуалға қатысты айтқан ойларын ерекшеықыласпен қабылдады.Жиында Мемлекет басшысының: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші» деген сөзі негізгі назарға ілікті. Бұл — көптен бері айтылмай жүрген, бірақ ауылдың тынысын жақсы түсінетіндер үшін ең өзекті талаптың өзі. Себебі ауылдағы әр отбасының тынысы, жолдың жай-күйі, ауыз су мен инфрақұрылым мәселесі – бұл тек қағаздағы есеп емес, тұрғындардың күнделікті өмірін айқындайтын факторлар.
Сондықтан жиында айтылғандай, ауыл әкімі тек қағаз өткізіп, есеп берумен шектелмей, ауылдың көшесінде де, қыстағында да, алқабында да көрінетін, халықтың жүгін бөлісетін тұлға болуы тиіс. Бұл – ауылдың өзекті сұранысы және бүгінгі өмірдің талабы.
Ауыл тұрғындарының тіршілігі – бір қарағанда қарапайым, бірақ егжей-тегжейіне үңілсек, өзіндік күрделі құрылымы бар өмір. Қыста жолдың тазалануы, жазда су тапшылығы, егіс алқабының жағдайы, мал азығының бағасы, мектептің жылуы, баланың интернетке қолжетімділігі — мұның барлығы ауыл әкімінің күнделікті бақылауы қажет мәселелер.  Сондықтан Мемлекет басшысының ауыл әкімдеріне нақты міндет жүктеуі кездейсоқ емес. Халықпен тікелей жұмыс істейтін буынның жауапкершілік деңгейін күшейту – ауылдардың болашағын айқындайтын негізгі қадамдардың бірі.
Жиында көтерілген мәселелердің нақты іске айналуы — ауылдардың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.Ауылдың қуаты артса, елдің еңсесі де биіктейді. Бұл — экономика заңдылығы ғана емес, ұлттық болмыстың да бір бөлігі.
Ауыл әкімдерінің міндеті бұрынғыдан да салмақты болмақ. Халық олардан нақты іс, нақты шешім, нақты көмек күтеді. Ал мемлекеттік деңгейде жасалған бастамалардың ауылдағы өмірге тигізер әсері тұрғындар тарапынанкүнделікті сезіліп отырады
Сондықтан ауылға қатысты әр бастама, әр шешім, әр ұсыныс — тек қағазда қалмай, нақты әрекетке айналуы тиіс. Тек сонда ғана ауылдың әлеуеті артып, елдің дамуынақосатын үлесі де ұлғая түспек.

С.Ғабиболатов,
Құланды ауылдық округінің әкімі
01 желтоқсан 2025 ж. 107 0