Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы – тәжірибе алмасу мен ашық пікірталас алаңы

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы – тәжірибе алмасу мен ашық пікірталас алаңы

Жуырда өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында өткен панельдік секияларға қатысу мен үшін ерекше тәжірибе болды. Жалпы, іс-шара өте мазмұнды әрі пайдалы өтті деп есептеймін. Әкімдер мен Үкімет өкілдерінің арасында ашық және тікелей диалог орнағанын көріп, қатты қуандым. Секцияларда көтерілген мәселелер мен үшін өте өзекті болды. Әкімдер азаматтардың әл-ауқатын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, өңірлік саясатты жетілдіру, бюджет-қаржы саясатын тиімді жүргізу, ауылды цифрландыру және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру сияқты маңызды бағыттарды талқылады. Әр әкім өз тәжірибесін бөлісіп, нақты мысалдар келтірді, ал Үкімет өкілдері нақты шешімдер мен ұсыныстарын айтты. Мен үшін ең әсерлі сәт – ауыл әкімдерінің өз өңіріндегі проблемаларды ашық жеткізіп, тәжірибе алмасуы болды. Мұндай кездесулер тек мәселелерді талқылауға ғана емес, сонымен бірге тиімді жобалар мен жаңа идеяларды енгізуге мүмкіндік береді. Жеке пікірім бойынша, диалог-платформа ауыл әкімдеріне өз жұмысына серпін беріп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер қабылдауда маңызды рөл атқарады. Мұндай кездесулер елдің даму бағытын түсінуге және ауылды кешенді дамытуға зор үлес қосатыны анық.

Д.Жалғасбаев,
Жетес би ауылдық округінің әкімі
02 желтоқсан 2025 ж. 351 0