Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар "Толқынды" таңдайды

Жастар "Толқынды" таңдайды

"Толқын" газетінде жарияланып келе жатқан материалдарды тұрақты түрде оқып отырамын. Басылым көтеретін тақырыптардың өзектілігі, сараптамалық деңгейі және ақпараттың нақтылығы ерекше атап өтуге тұрарлық. Әр мақалада қоғам үшін маңызды мәселелер кеңінен талданып, оқырманға түсінікті әрі жүйелі түрде ұсынылады. Ақпараттық кеңістікте шынайы әрі сенімді дереккөздердің маңызы артқан қазіргі кезеңде «Толқын» газеті кәсіби журналистика талаптарына сай жұмыс істеп келе жатқан басылымдардың бірі екенін көрсетіп отыр. 
Осы бағыттағы жауапты еңбектері үшін редакция ұжымына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да өзекті мәселелерді көтеріп, сапалы материалдар ұсынуды жалғастырады деп сенемін.
 
Ержан Сабырбай,
“AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының консультанты
09 желтоқсан 2025 ж. 108 0