Үй жинаудың ең оңай жолы: негізгі 6 ереже
Егер кезекті үй тазалау жұмыстары туралы ой мазаңызды қашырса, Stan.kz ұсынған төмендегі кеңестерді қолданыңыз.
Мәні неде
Тазалық жұмыстарынан кейін нәтиженің ұзақ сақталып тұрмайтынын бәрі біледі. Өйткені, ерте ме, кеш пе заттарды қайта жинауға немесе бір нәрсені тастауға тура келеді. Бірақ, мұның шешімі бар.
Яғни, күн сайын үйдегі керек емес заттардан арылу керек.
Ол қандай да бір сынған немесе бұзылған майда-шүйде болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, пәтерді бықсық қылып көрсететін және көзге ұсқынсыз көрінетін заттар.
Ал мұндай тазалық жұмысы күніне бірнеше минутты ғана алады. Бірақ, бұл пәтердегі тазалықты ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі.
Бұл әдісті қалай қолданады

- Уақытты белгілеңіз. Бұл әдістің тиімділігін тексеру үшін оны бір ай бойы орындауға тырысыңыз. Ал оны ұмытып кетпеу үшін өзіңізге еске салу жапсырмасын іліп қойыңыз. Бірақ, осы кезеңде бүкіл пәтерді тазалауды мақсат етпеңіз. Алдымен, жай ғана жұмысыңыздың нәтижесіне қарап шығыңыз.
- Бір орынға немесе бөлмеге көңіл бөліңіз. Мысалы, осы уақытқа дейін жинауға ерініп жүрген киім толы шкафтан бастасаңыз болады. Өйткені, күніне бір жерді жинап шығу сіз үшін қиындық тудырмайды. Ал, шкафты жинап болғаннан кейін басқа аймақтарға көшсеңіз болады.
- Сараң болмай, қайырымдылық жасау керектігін де ұмытпаңыз. Егер сізде әлі де қолдануға жарамды, бірақ өзіңізге қажет емес заттар болса, оларды бөлек пакетке жинап қойыңыз. Мүмкін, олар басқа біреуге жарап қалар. Осылайша, сіз үйіңізді тазалап қана қоймай, сонымен қатар мұқтаж жандарға да пайдаңызды тигізесіз.
- Үрдіске назар аударыңыз. Осы әдістің арқасында сіз болашақта қандай заттарды сатып алу, алмау керектігін түсінесіз. Бірдей үлгідегі киім-кешектерді немесе заттарды тастап жатқаныңызды байқадыңыз ба? Демек, енді оларды сатып алғыңыз келмейтін болады.
- Өзіңізді шектемеңіз. Егер сіз қажетсіз заттармен еш қиындықсыз қоштасуға үйреніп қалсаңыз және көп нәрседен оңай құтылсаңыз, өзіңізге шектеу қоймаңыз. Себебі, сіз осылай түпкі мақсатыңызға жақындай аласыз.
- Осы қалыптан таймаңыз. Өйткені, сіз қажетсіз заттарды тастамасаңыз, үй тағы бықсып жататын болады. Осыны естен шығармаңыз