Аралда учаскелік полиция пункті салтанатты түрде ашылды
Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, «Amanat» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» жол картасы аясында Арал қаласы, Сырым батыр көшесі №1 мекенжайында орналасқан аудандық аурухананың қосымша ғимаратында Арал ауданы Полиция бөлімінің №1 учаскелік полиция пункті салтанатты түрде ашылды.Аталған нысан заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықпен тікелей байланыс орнатуға бағытталған.
Пунктте учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқарып, тұрғындардың өтініш-тілектеріне жедел жауап беретін болады.










