Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құндылықтарды насихаттау – басты міндетіміз

Ұлттық құндылықтарды насихаттау – басты міндетіміз

Ұлттық болмысты сақтау, төл мәдениетімізді дәріптеу және оны заманауи талаптарға сай жаңғырту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта “AMANAT” партиясының “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында “Ұлттық өнер – ұлт келбеті” тақырыбында мазмұнды шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ою-өрнектерін түрлі бұйымдар жасау кезінде қолданудың заманауи әдістері таныстырылды. Қатысушыларға ою-өрнектің мән-мағынасы, оның тарихи және тәрбиелік маңызы кеңінен түсіндіріліп, дәстүрлі өнерді қазіргі заман талабына сай ұштастыру жолдары көрсетілді.
Шеберлік сағат барысында ұлттық нақыштағы бұйымдарды әзірлеу, қолөнер элементтерін тұрмыстық заттар мен сәндік өнімдерге бейімдеу тәжірибесі ұсынылды. Бұл өз кезегінде ұлттық өнердің тек өткеннің еншісі емес, бүгінгі күнде де сұранысқа ие екенін айқын көрсетті. Сонымен қатар шараға қатысушылар қазақтың ою-өрнектерін шығармашылық тұрғыда дамытудың маңызын атап өтті.
#АМАНАТ 
29 қаңтар 2026 ж. 117 0