Татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер саны артқан
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.Ал тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
Осыған орай, Арал аудандық сотында 2025 жылдың 12-айында 657 азаматтық іс татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған (2024 жылы 238 іс), бұл медиабельді істердің 60,3% құрайды. Соның ішінде 632 іс медиация тәртібімен, 6 іс партисипативтік рәсім тәртібімен және 19 іс татуласу келісімдерін жасау арқылы реттелген. 2024 жылмен салыстырғанда татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер саны 419 іске артқан.
Сонымен қатар, заңнамадағы татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» жайындағы жаңашыл норманыңда қолданылып келе жатқанына төрт жылдан аса уақыт болды. Осы уақыттары ол, даудың сотқа дейін реттелуіне қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдеп келе жатыр. Мұны сот тәжірибесі де растайды.
Аудандық сотта тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен 2024 жылы 177 талап қою аяқталса, 2025 жылы жаңашыл норманың артықшылықтарын 522 талап қою бойынша тараптар пайдаланған.
Арал аудандық соты









