«Назар аударыңыз, жолдағы адам» атты акция өтуде
Ағымдағы жылдың 9–13 ақпан аралығында Қызылорда ст.ЖПб қарасты Арал теңізі ст. Желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында «Назар аударыңыз, жолдағы адам» атты акция өтуде.Аталған іс-шараның мақсаты — теміржол көлігімен адамдарды қағып кету оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Құрметті: Арал қаласының тұрғындары мен қала қонақтары !
Теміржол жолдың тек белгіленген жерлерден, жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы өтуіңізді сұраймыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
Еске саламыз: теміржол жолдарын белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтаңыз!
Арал теңізі ст.ЖПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев.









