Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат
“Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында “Орталық” бастауыш партия ұйымының бастамасымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды әрі тағылымы мол челлендж ұйымдастырылды. Бұл игі шараның басты мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығын жаңғыртып, ұлттық өнерді жас ұрпақтың санасына сіңіру.Челлендж аясында қатысушылар қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарында түрлі шығармаларды орындап, ұлттық өнердің тереңдігін, әуезділігін кеңінен насихаттады. Домбыраның күмбірлеген үні, қобыздың сырлы сазы, жетігеннің нәзік әуені арқылы халқымыздың тарихы мен болмысы көрініс тапты. Бұл – тек өнер сайысы ғана емес, ұлттық рухты көтеретін, мәдени мұраны ұлықтайтын маңызды бастама болды.
Осындай шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты сақтау – әрбір азаматтың маңызды міндеті екені анық. Ал мұндай челлендждер сол міндетті жүзеге асырудың тиімді жолдарының бірі.
Осындай тағылымы мол шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге жаңа серпін беретініне сенім мол.


#АМАНАТ











