Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт сөндірушілерге құрмет көрсетті

Өрт сөндірушілерге құрмет көрсетті

Арал ауданындағы жұмыс сапары барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жұмысымен танысып, сала мамандарымен кездесті. Ел қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

Кездесуге аудандық мәслихаттың және партия филиалының төрағасы Базарбай Төрахметов, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Қанатов қатысты.
Кездесу барысында құтқарушылардың күнделікті қызметі, олардың қоғам үшін атқарып жатқан жауапты міндеттері кеңінен сөз болды. Өз сөзінде Жандос Нұртайұлы өрт сөндірушілердің батылдығы мен табандылығын ерекше атап өтіп, олардың әрбір іс-әрекеті адам өмірін сақтап қалуға бағытталғанын жеткізді. Ол төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүретін мамандардың еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық екенін айтты.
Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өз ісіне адал, батылдық пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп жүрген бірқатар өрт сөндірушілерге арнайы "AMANAT" партиясының Алғыс хатын табыстады.
Бұл марапат қана емес, сонымен қатар халықтың тыныштығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға деген зор құрметтің белгісі.
#AMANAT
08 мамыр 2026 ж. 34 0