Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Халық» театры халықтың ықыласына бөленді

«Халық» театры халықтың ықыласына бөленді

Біз осы уақытқа дейін аудандық мәдениет үйі жанындағы «Халық» театры төңірегінде талай мәрте мақтау сөзімізді айтып келдік. Әркез сахналық қойылымдары арқылы көпшіліктің көңілінен орын таба білген ұжым мықтылықтарын тағы мәрте дәлелдеп, қандай мақтауға да лайық екендігін көрсетті.
4 мамыр күні Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінде өткен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, белгілі режиссер Насыр Баекеевтың 80 жылдығына арналған «Театр – өмір айнасы» атты аймақтық халық театрларының байқауында басқалардан бәсі биік болып, жиналған көрерменнің ерекше қошеметіне ие болды.
Бұл аймақтық байқауға Қармақшы, Арал және Қазалы аудандарының халық театрларының қойылымдары ұсынылды. Театрлар байқауында жерлестеріміз ІІ орын иеленсе, халық театрының режиссеры Диана Кеңес «Үздік режиссер» және халық театрының суретшісі Дана Жоламанова «Үздік суретші» номинациясымен марапатталды.
Жұртшылық көңілін желпінтіп, сахнаның саңлақтарына айналып үлгерген аралдық өнерпаздардан алдағы уақытта да күтеріміз көп.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
09 мамыр 2026 ж. 44 0