Диана КЕҢЕС, режиссер: АУДАНДА "ҚАН МЕН ТЕР" АЛҒАШ РЕТ САХНАЛАНБАҚ
Бізде театр бар. Бұл жайлы басылым бетінде бүгінге дейін жарық көрген жазбалардан аңғарған халық білетін болар. Бірақ көбісі әзіл-оспақ театрларынан ғана хабардар. Алайда сықақ жанрынан бөлек бағыттағы қойылымдарымен халықтың көңілінен шығып жүрген аудандық мәдениет үйі жанындағы халық театрының еңбегі тіпті ерекше.Жалпы Сыр өңірі қазақ театрының кіндігін кескен мекен. Алғаш қазақ драма театры сол кездегі Қазақ АКСР астанасы, Қызылорда қаласында 1925 жылдың аяғында ұйымдастырылған. Театр 1926 жылдың 13 қаңтарында Көшке Кемеңгеровтың "Алтын сақа" пьесасымен және үлкен концертпен тұңғыш рет шымылдығын ашқан театрға жарын ғасыр толады. Алайда бұл театр 1928 жылы ел астанасы Алматыға көшкенде қоса көшкен. Бірақ біз айтқан бүгінгі театр сол жолды жалғап келеді. Әсіресе соңғы жылдары көрерменнің көңілін тауып, халықтан бас бармақпен баға алып жүрген ұжымның режиссері Диана Кеңеспен тілдесіп, жыл жаңалығына дайындықтың жайын, алдағы жоспарларын сұрадық.
Алпыс жылдық тарих
– Қош келдіңіз, Диана! Елдің мәйегіне айналған мәдениет саласының жұмысы қауырт. Соның арасында әңгімелесуге уақыт тапқаныңызға рақмет! Алғашқы сөзімізді "Бізде театр бар" деп бастап отырмыз. Осы театрдың тарихы жайлы айтып өтсеңіз.
– Қош көрдік! Рақмет. Жалпы аудандық мәдениет үйі жанындағы бұл халық театр жайлы көп айтуға болады. Мәселен 1960 жылдары құрамында 15-20 адам қатысқан Мәдениет үйін драма ұжымы күрделі спектакльдерді дайындап, сахналай бастады. 1972 жылы облыстық драма ұжымдарының байқауына үлкен дайындықпен қатысып, М.Әуезовтың «Еңілік-Кебек» трагедиясын сахнаға шығарды. 1977 жылы жас маман С.Ешекеновтың режиссерлік жасауымен қойылған «Жалбыр» спектаклін ерекше атаған жөн. 1978 жылы драматург Қ.Мұхамеджанов 50 жасқа толуына орай театр ұжымы оның «Бөлтірік бөрік астында» атты комедиясын сахналады. ға шығарды. 1981 жылы халық театры Қ.Әбжалиевтің басқаруымен О.Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» атты трагедиясын сахналады. 1983 жылы С.Жүнісовтың «Қызым, саған айтам» атты драмасының сахналық қойылымын жасаған Т.Үмбетәлиев болды. 1987 жылы Ә.Тәжібаевтың «Той боларда» пьесасын, 1988 жылы О.Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» спектаклін, 1989 жылы С.Жүнісовтың «Тұтқындар» пьесасын сол жылдардағы халық театрының режиссері О.Нұрмаханов сахнаға шығарды.
Міне, осы жұмыстар ары қарай да жалғаса берді. Тоқтаусыз, тынымсыз еңбектің нәтижесінде кейін де талай байқауда оза шауып, жүлдегер атанып жүрді. Мысалы 1990 жылы С.Адамбековтың «Алтын табақтағы жылан» пьесасын көпшілікке ұсынды. 1991 жылы М.Мақатаевтың «Қош махаббат» спектаклі облыстық байқауда жүлделі орынды жеңіп алды. Ал 1992-1993 жылдары Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясын қойды. 1994-1997 жылдары халық театрының режиссері А.Абатовтың дайындауымен Р.Сейсеновтың «Қашқын», Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты» спектакльдерін сахнаға шығарды. 1997 жылы «Ақ білек» драмасын, 1998 жылы М.Хасеновтың «Пай, пай жас жұбайлар-ай» комедиясын қала көрермендеріне ұсынды.
2000-2001 жылы Халық театры Ғ.Мүсіреповтың «Өлімді женген – Ана» қойылымын, 2002 жылы Д.Исабековтің «Әпке» спектаклін қала халқына ұсынды. Сондай-ақ, 2003 жылдың театр көктемінің байқауына драматург Ә.Ақпанбетовтің «Түнгі көбелек» спектаклін, 2004 жылы обылыстық байқауға Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі» комедиясында ойнаған Д.Байқадамова Қ.Жұбанышов, Сәнімкүлшат Өмірзақова, Бисен Қанатбаевалар шеберлік танытты.
2006 жылы облыстық театрлар байқауында Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» спектаклі қойылды. Аралдың ақиық ақыны тума талант ақын, драматург Зейнолла Шүкіровтің «Жас жесір» әңгімесі желісімен спектакль қойды. 2008 жылы А.Сейдімбековтың «Қош бол, ардағым» атты спектаклін, 2009 жылы Ә.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс» атты комедиясы сахналанды.
Жаңа толқынның жетістігі
Арал аудандық мәдениет Үйі жанындағы Халық театры 2011 жылы өз жұмысын жаңадан жас толқын таланттарды жинақтаудан бастады. Халық театры ұжымы “Театр көктемі” атты кезекті мерекелік шараға байланысты, 2011 жылы М.Мақатаевтың «Қош махаббаты», Б.Бахрамованың «Қуыршақтар» балалар театрына арнап, «Қуыршақтар сөйлейді» спектаклін ұсынды. Қойылым төңірегінде сіздердің басылымда театрға келген көрермендер ризашылығын жариялап, жас дарындарға сәт сапар тіледі. Бұл жас буын өнерпаздарға қанат бітіргендей болды. Халықтың алғысына бөленген ұжым 2012 жылы Шерхан Мұртаза «Домалақ Ана» 2 бөлімді трагедиясын, 2013 жылдары Мұхтар Әуезов «Қаракөз» 2 бөлімді трагедиясын сахналап, 2014 жылы ҚР Халық әртісі – Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Сахна саңлағы – Сәбира» атты С.Майқанова сомдаған рольдерді орындаушылардың аймақтық байқауына театр режиссеры Б.Бахрамова мен театр өнерпазы С.Дінжанова дайындықпен қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2014 жылы Халық театрының режиссеры Бахтыгул Айтанқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министірлігінің «Мәдениет саласының үздігі» номинациясымен марапатталды.
2015 жылдары Ш.Айтматовтың «Ана – Жер Ана» трагедиясын театр ұжымы өз өнерлерін облыс көрермендеріне тарту етті. 2015 жылы Ақтөбе қаласында өткізілген «Театр – өнердің ұлы көші» атты аймақтық халық театрының байқауынан халық театры Зейнулла Шүкіровтың «Жас жесір» романын инцсенировкалап қойып, І орын иеленіп қайтты. Сахнагер Самал Дінжанова «Үздік әйел ролі» номинациясымен марапатталса, халық театрының суретшісі Дана Жоламанова «Үздік сценография» номинациясын иеленді.
2016 жылы С.Жүнісов «Абылай ханның арманы» 2017 жылдары Ә.Нұрпейісов «Мұз үстіндегі айқас» сахналанды. 2018 жылы Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдығына «Қаламы қарымды – Қалтай» атты халық театрлары мен драма ұжымдарының облыстық байқауында режиссер Б.Бахрамова автордың «Құдағи келіпті» комедиясын заманауи бағытта инсценировкалап, жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Театр суретшісі Д.Жоламанова «Үздік костюм дизайнері» номинациясын жеңіп алды.
Халық театрының режиссеры Б.Бахрамова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Рухани қазына – 2019» Республикалық фестивалінің аясында, Астана қаласында өткен «Мәдениет саласындағы ұйымдастыру мен басқару қызметі» тақырыбында семинарға қатысты.
Арал өмірі сахна төрінде
– Театр жұмыстарында жергілікті жұрттың тұрмыс-тіршілігіне байланысты қойылымдар болды ма?
– Аралдың тіршілігі ежелден балықпен, теңізбен тікелей байланысты ғой. Жергілікті халықтың осы бір еңбегін көрсетпеу аралдық өнерпаздардың қайсысы болса да үлкен сын. Оны жақсы түсінеміз. Және біздің еңбегімізде де ол айқын көрініс берді. Атап айтар болсақ халық театры 2015-2019 жылдардан бері дәстүрлі балықшылар мерекесіне арналған көл үстіндегі жаңа иновациялық мереке думан ұйымдастыруды қолға алды. Атап айтқанда Қамыстыбас елді мекенінде Қамбаш көлі жағасында кең көлемде «Арал – тектіліктің тұраны, тұңғиық теңіз тұрағы», «Тіршілік нәрі, теңіз маржаны», «Айдыны құт, ақжелкенді Аралым», «Тіршіліктің тірегі, шалқиды шаттық – Аралым!» атты теңіз үстінде театрландырылған көріністерімен көптеген мерекелерге жаршы бола білген театр режиссері – Бахтыгүл Бахрамованың еңбегі зор. «Балық шаруашылығы саласын насихаттаудағы үздік сценарист-режиссер» номинациясы бойынша марапатталып, сый-құрметке бөленуі сол жұмысының жемісі.
Жалпы мұндай жұмыстар өте көп. Мәселен 2020 жылы Мәдениет қызметкерлерінің мерекесіне орай халық театры Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жыл мерейтойына орай, автордың «Соңғы парыз» романы желісінен «Сондай да бір түн болған» 2 актылы трагедисы сахналанып, аудан халқының көзайымына айналды. Рольдерде Жәдігер – Есбол Қадырқұлов, Бәкизат – Самал Дінжанова, Әзім – Серікқали Әділов, Жәдігердің анасы – Гүлбану Матығұлова, Жәдігердің ұлы – Асқар Аймұхамбетов, Жәдігердің қызы – Нұрайлым Сұлтанай, Бәкизаттың анасы – Қарлығаш Аманова, Көшен ақсақал – Аманкелді Сарсенбаев, Сары Иван – Нұртаза Ордағұлов, балықшы жігіт – Сабыржан Көлбаев, көрші келіншек – Мәуегүл Каленова, студент қыз – Нұрзат және де театр суретшісі – Дана Жоламанова, дыбыс режиссеры – Нартай Қайырлапов, опертор – Бүркіт Абибуллаев, сынды жауапты актерлар мен қызметкерлер өз міндеттерін өте жоғары деңгейде көрсете алды. Оны көрген жұрт әлі күнге дейін айтып келеді.
Өнерге жасалған қадам
– Расында "Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер" деп жатамыз. Бұған жоғарыда айтқан дәйектеріңіз де дәлел. Өнер адамына халықтың есінде қалудан басқа бақыт жоқ шығар. Ал өзіңіз осы бағытты таңдауыңызға не себеп болды?
– Мен 1996 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Арал қаласындағы №64 орта мектепті бітірген соң талаптанып, өнер қуып армандардың орындалар мекені Алматыға аттандым. Жолым болып, өнерпаздардың ұстаханасына баланатын Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына оқуға қабылдандым. 2013-2018 жылдар арасында осында Режиссура мамандығы бойынша білім алып, қызыл дипломмен бітірдім.
Одан соң Алматыда қызмет жасау бақыты бұйырды. Осылайша 2018-2020 жылдары сол жақта жұмыс істедім. 2020 жылы Аралға қайта оралдым. Мәдениет саланының дамуына үлес қосу мүмкіндігі келіп, аудандық мәдениет үйіне жұмысқа қабылдандым. Ал 2022 жылдан бастап осы театрдың режиссері қызметіндемін.
Алматыдан Аралға
– Театр режиссері ретінде осы уақытқа дейін қалдырған қолтаңбаңыз жайлы не айтасыз?
– Жұмыстың қиындығы мен қызығы қатар жүреді. 2022 жылы қазіргі қызметке тағайындалған сәтте үлкен жауапкершілік артылды. Театр халықтың атағын сол жылы қорғауы керек болды. Талап сондай. Ендеше тартынуға болмайды. Алайда уақыт аз.
Бірақ бұл қиындықты жеңіп шығу қолдарын келеріне сенімді болдым. Жоспар бойынша Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» трагедиясы бекітілген екен. Сол жоспар аясында жұмыс істеуге кірісіп кеттік. «Ай мен Айша» трагедиясын өзім инсценировкалап, Жалағаш ауданында премьерасы болып, Халықтық атақ аталмыш спектакльмен қорғап шықтық. Сол жылы аудан халқына ұсынылды. Арал халқы да өте жақсы қабылдады. Аз ғана уақытта жасалған дүниенің жүрекке жетуі бізді шабыттандыра түсті.
Осы қарқынан, халықтың ықыласынан ажырап қалмау керегін түсіндік. Осылайша 2023 жылы Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясының премьерасы өтті. Мұны таңдауға да себеп бар. Алдымен трагедия жанырын ойнадық. Өте сәтті шықты. Енді осы камедия жанрын көрерменге көрсетсек деген мақсат болған. Оған да жеттік. Спектакльге халық театрының 11 актері қатысып, аудан тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады. Қойылым аяқталған соң аудан руханиятына еңбек етіп жүрген ағаларымыз ақын Е.Абдулла, жазушы Ж.Жақып сахнаға шығып, жастарға ыстық ықыласын айтып, батасын берді.
Биыл мамыр айында Т.Әбдіктің романының желісімен, Н.Баймаханның «Оң қол» мистикалық драмасы сахналанды. Қазалы ауданында өткен Халық театрлар арасындағы аймақтық байқауда ұжым жүлделі І орынды иеленді. Арал халқына да тарту етілді. Халық театрының тарихындағы бірінші рет қойылған мистикалық жанрдағы қойылым болды. Аралдықтардың одан алған әсері тіпті бөлек. Бұл бізге жаңа жүк артқандай еді. Себебі зал толы көрермен халықтық театрдың алар орнын айшықтап берді. Көрермені бар ұжым әлі де көңілге қонымды дүниелер әзірлеу керек екені осыдан-ақ түсінікті емес пе?!
Біз де халықтың күткенін көрсетуге тырысып жатырмыз. Таяу арада жыл жаңалығы, тіпті театр саласында бұрын-соңды болмаған спектакль ұсынуды жоспарлап отырмыз.
Халық күткен "Қан мер тер"
– Ендеше осы жаңалықпен бөлісе отырсаңыз. Жергілікті басылым жергілікті өнерпаздардың жаңалығын алғаш болып жазып, сүйіншілесе деген ниетте.
– Жоғарыда айтып өткенімдей Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жыл мерейтойына орай Б.Бахрамова апайымыздың режиссерлігімен "Соңғы парыз" романы желісінде «Сондай да бір түн болған» трагедиясы сахналанды деп едім ғой. Міне, бүгінде қазақ әдебиетінің мэтрі Әбенің ғасырлық мерейтойы. Осындай сәтте театр ұжымы үнсіз қала алмады. Осыған дейін қазақ сахнасында сахналанбаған қойылым әзірлеп жатырмыз.
Олай деуге себеп бар. Осыған дейін "Қан мен тер" романы 70 жылдардың басында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында бір рет сахналанған. Ол жерде де Еламан, Тәңірберген, Ақбаланың образы, яғни махаббат үштігі ғана көрсетілді. Кейін бәріміз білетіндей 1978 жылы Әзірбайжан Мәмбетов пен Юрий Мастюгин роман желісі бойынша "Қан мен тер" киносы жарық көрді. Содан бері "Қан мен тер" сахнадан бой көрсеткен емес. Ал біз романды толықтай сахналайтын боламыз. Инсценировканы өзім жасадым. Бүгінде көрерменге ұсынуға толық дайын.
– Керемет жаңалық! Ал көрермен бұл спектакльден не күтсе болады, не көре алады?
– Біз осы уақытқа дейін камедия, трагедия, мистика жанрларын ұсындық. Ал бұл қойылымда барлығы бар. Бірнеше жанрды біріктіріп, бүтіндей бір туынды жасаған автордың да шеберлігі анық байқалады.
Бір ерекшелік ұсынылатын дүние "Қан мен тер" романының алғашқы басылып шыққан кітабы негізінде әзірленді. Кейінгі басылған кітаптардағы өзгертулер жоқ. Халық бұл қойылымнан балықшылардың тіршілігін, елдегі төңкерісті, қиындықты, адам бейнесінің әп сәтте өзгеріп шығатын екіжүзділігін, гендерлік теңсіздікті көре алады. Ең бастысы қойылым кез келген жастағы көрерменге арналған. Спектакльде қоюшы-суретші Жана Жолмановадан бастап, мәдениет саласының үздігі, осы саланың майталмандары, ұзақ жылдан бері мәдениеттің өркендеуіне зор үлес қосып жүрген тек ауданға емес, облысқа, республикаға танымал жандар мен мәдениет саласының қызметкерлері, барлығы 16 актер ойнайтын болады.
– Театр режиссері ретінде халыққа не айтасыз?
– Халыққа рақметтен өзге айтарым жоқ. Театрда бірде бір кәсіби актер немесе актерлық мамандықты бітірген жан жоқ. Барлығы осы мәдениет саласының төңірігендегі қызметкерлер. Десе де өздеріне берілген рөлді ақтап шығып келеді. Мақтанғымыз келмейді, керісінше олармен мақтанғанымыз жөн. Халық та жақсы қабылдап, алғысын айтып жатады. Алайда осы қойылымдардың көрермендері көбіне жастар. Біз оларды балалар да, ересектер де, тіпті ата-әжелеріміз де көрсе дейміз. Бірақ жарнамалаудың жалғыз жолы әлеуметтік желі арқылы жүргізілетін болғандықтан дені жастар болуы да заңдылық. Осы ретте жас талғамай оқитын басылым ретінде сіздерге қолқа салғымыз келеді. Барлық аралдықтарды хабардар етсеңіздер деймін. Қойылымнан қалып қоймаңыздар.
– Елдің руханиятын байыту бағытында, бір бағытта еңбек етіп жүрген жандар ретінде біз де қолдау білдіретін боламыз. Әңгімеңізге рақмет! Табысты еңбек тілеймін!
Сұхбаттасқан Оңталап ЖОЛДАСОВ