Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық жас суретшіге республикалық марапат табысталды

Аралдық жас суретшіге республикалық марапат табысталды

Аудандағы Өнер мектебінің «Көркем сурет» үйірмесінің қатысушысы Айзере Марат Дулатқызы республикалық деңгейдегі үлкен жетістікке қол жеткізді. Дарынды оқушы шығармашылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті үшін «Ұлы дала дарыны» атты республикалық төсбелгімен марапатталды.
Жас өнерпазға арнайы диплом, статуэтка және куәлік табысталды. Бұл марапат – Айзеренің өнерге деген ерекше талпынысы мен шығармашылық ізденісінің жемісі. Айзеренің бойындағы талантты шыңдап, өнерге баулып жүрген жетекшісі Құрманғазы Бектұрсынов жас суретшінің болашағынан зор үміт күтетінін жасырмайды.
Арал өңірінің өнерлі жастарының жетістігі – аудан мерейі. Осындай дарынды оқушылардың биік белестерді бағындыруы өскелең ұрпаққа үлкен үлгі болары сөзсіз. Жас талант иесіне алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!
Оңталап ЖОЛДАСОВ
02 маусым 2026 ж. 48 0