Қазақстан — 2026 жылы қоныс аудару үшін ТМД-дағы ең үздік ел
Америкалық Remitly компаниясының 2026 жылғы Immigration Index рейтингі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші орын алды. Әлемнің 82 елі қамтылған рейтингте Қазақстан 53-орынға жайғасты.Салыстыру үшін:
* Молдова — 56-орын
* Әзербайжан — 66-орын
* Армения — 74-орын
* Өзбекстан — 75-орын
Ресей, Беларусь, Украина және Қырғызстан рейтингке енгізілмеген.
Елдер 34 маңызды көрсеткіш бойынша бағаланған: қауіпсіздік, өмір сүру құны, тұрғын үйдің қолжетімділігі, денсаулық сақтау мен білім беру сапасы, сондай-ақ өмір сүрудің жалпы жайлылығы.
Сарапшылар Қазақстанның жоғары қауіпсіздік деңгейін және өмір сүруге қолайлы жағдайларын ерекше атап өтті.










