Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөтен мүлікті қасақана бүлдіргені үшін жазаланды

Бөтен мүлікті қасақана бүлдіргені үшін жазаланды

Арал аудандық сотында азаматша И-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, И. ағымдағы жылдың 27 мамырында жәбірленуші Т-ның ұялы телефонын қолынан қағып жіберіп, сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген.
И.-дың құқық бұзушылық әрекеті сот отырысында зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелін тапқан.
Сот қаулысымен И. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 151 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Арал аудандық соты
19 маусым 2026 ж. 49 0