Аралдың адамдары
Болатбек ТӘЖІМБЕТОВКЕ
Алқа жұрттың көңілінен шыға алған,
Әкім болды елдің атын шығарған.
Дүр Тәжімбет молда, ахун–бабасы,
Жаралған ол сондай текті құнардан.
Тарта туып ұлық мақсым кемелге,
Жақын болды ауылдасқа, ол елге.
Балықшылар қауымына еге боп,
Сіңген еді маңдай тері Бөгенге!
Тумысынан тұла бойын ән тербеп,
Иірімді үн үйірілген еркелеп.
Сазгерлігі Арал, Сырға білінген,
Әуен-сазы әуел бастан бір бөлек!
Дара жолын таба білген жасынан,
Сезім селі жүрегінде тасыған.
"Нурикамал" деп Болатбек әндетсе,
Ай арулар табылатын қасынан.
Танылған соң алыс пенен жақынға,
Мақтаулар көп сері Бөкең қақында.
Музыканың толқынында жүр жүзіп,
Кіл өнерлі ардагерлер сапында...
Ерғали АБДУЛЛА,
"Арал әлемі" газеті. 2026 жыл











