Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мас жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылды

Мас жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы С. бұған дейін масаң күйде көлік тізгіндегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, ағымдағы жылдың 31 мамыр күні «Daewoo Nexia» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сот үкімімен С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген.

Арал аудандық соты
30 шілде 2026 ж. 74 0