Мас жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылды
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.Сотталушы Т. бұған дейін масаң күйде көлік тізгіндегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, үстіміздегі жылдың 19 наурызында «Honda CR-V» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.Сот үкімімен Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты
Сурет: stan.kz
		




		
		



