Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мас жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылды

Мас жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы А. бұған дейін масаң күйде көлік тізгіндегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, ағымдағы жылдың 26 шілдесі күні «MERCEDES-BENZ» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Арал аудандық соты

30 қазан 2025 ж. 238 0