Жаңа вокзал – халыққа ортақ қуаныш
Арал қаласының жаңа теміржол вокзалының ашылғанына қуаныштымыз. Вокзалдың жаңарып, халыққа қайта пайдалануға берілгені – қала үшін жақсы жаңалық. Теміржолмен күнделікті қатынайтын жолаушылар үшін вокзалдың жағдайы өте маңызды. Жаңа ғимараттың іші кең, жарық әрі таза екені бірден байқалады.Бұрын вокзалға келгенде жағдайдың біршама ескі екенін байқайтынбыз. Енді жолаушыларға қолайлы, жарық әрі кең ғимараттың пайдалануға берілуі – халыққа жасалған жақсы жағдай деп ойлаймын. Әсіресе басқа қалалардан Аралға келетін қонақтар үшін де бұл нысан қаланың алғашқы көріністерінің бірі болады. Сондықтан жаңа вокзал Аралдың қазіргі дамуы мен жаңаруын көрсететін нысандардың біріне айналады деп сенемін.
Осы игі істің жүзеге асуына атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамыз. Жаңа вокзал халыққа ұзақ жылдар қызмет етіп, жолаушылардың сапары жайлы әрі қауіпсіз болсын. Аралымыздың осындай жақсы жаңалықтары көбейіп, қаламыз көркейе берсін!
Асқар СӘРСЕНОВ,
теміржол саласының ардагері










