Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды
Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, А. жұмыс орнында жәбірленуші Б.-ға қызмет барысында балағат, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметпен қарамауды білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзған әрекеттерді, яғни ұсақ бұзақылықты жасаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін ішінара мойындап берген түсініктемесімен, жәбірленуші мен куәлардың түсініктемелерімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс-құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен А. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты










