Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпақтар сабақтастығы – патриотизм негізі

Ұрпақтар сабақтастығы – патриотизм негізі

Арал қаласындағы №62 мектеп-лицейінің оқушыларымен «Ұрпақтар сабақтастығы – патриотизм негізі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге «Әділет» партиясы Арал аудандық филиалының «Жастар Рухы» Жастар қанаты бөлімше жетекшісі Сабырбай Ержан Әділжанұлы және Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Кездесу барысында жас ұрпаққа үлкенді сыйлау, аға буынның өмірлік тәжірибесін бағалау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елжандылық қасиеттерді қалыптастырудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар жастардың қоғамдағы белсенділігі, азаматтық жауапкершілігі мен ел болашағына қосар үлесі жөнінде пікір алмасу жүргізілді.

Ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту – өткеннің өнегесін бүгінгі жас буынға жеткізудің маңызды жолы. Осындай кездесулер арқылы оқушылар тарихи жадыны құрметтеп, ұлттық құндылықтарды бағалауға және Отанға деген жауапкершілікті сезінуге бағыт алады.
28 қыркүйек 2026 ж. 60 0