Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Заңнаманы бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке көмекшінің қызметтерін көрсетуге байланысты қатынастарды ресімдеу кезінде құқықтық айқынсыздықты болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық қабылданды (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығы, 2026 жылғы 2 шілдеде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39193 болып тіркелген).Осыған байланысты Қағидаларда:
жеке көмекшінің қызметтерін ақылы көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілді (№ 280 бұйрыққа 3-1-қосымша);
алып жүру бойынша бір қызметке ең көп дегенде 4 сағат көрсетілуін ескере отырып, айлық есептік көрсеткіштің 54,56 пайызы мөлшерінде (4325*54,56%=2359,72 теңге бір қызмет үшін, 2359,72*60=141583 теңге бір айға) ақы төлеу белгіленді, бұл ретте айына алып жүру бойынша қызметтердің жалпы саны 60 (алпыс) қызметтен аспауға тиіс.
Сонымен қатар, еңбек қатынастарының белгілерін қамтитын ережелер алынып тасталып, мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшілер қызметтерін көрсету кезінде тараптардың құқықтары мен міндеттеріне бірыңғай талаптарды және практиканың бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында үлгі шарт енгізілді.
Жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты үш жақты мына тараптармен жасалады:
1. «Өтініш беруші» бірінші топтағы мүгедектігі бар адам;
2. «Өнім беруші» жеке көмекшінің қызметін көрсетуші;
3. «Жергілікті атқарушы орган» қалалық/аудандық жұмыспен қамту бөлімі.
Үлгілік шартта - шарттың мәні, жеке көмекшінің қызмет көрсету тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қызметтердің құны мен есептесу тәртібі, тараптардың жауапкершілігі, қолданылу мерзімі және бұзу, дауларды шешу тәртібі, қорытынды ережелер қарастырылған.









