Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастардың білімі – елдің бәсекеге қабілеттілігі

Жастардың білімі – елдің бәсекеге қабілеттілігі

Жастардың сапалы білім алуы, кәсіби маман ретінде қалыптасуы және жаңа технологияларды меңгеруі – мемлекеттің болашағына тікелей әсер ететін маңызды факторлар.

Конституцияда айқындалған даму қағидаттары білімге, еңбекке, прогреске және жасампаздыққа негізделген қоғам құрудың маңызын көрсетеді. Бұл ретте жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру, IT саласын меңгеруіне мүмкіндік жасау, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және шығармашылық әлеуетін дамыту ерекше мәнге ие.

Бүгінгі жас маман – ертеңгі ғалым, инженер, кәсіпкер немесе жаңа өндірісті дамытатын білікті кадр. Сондықтан жастардың мүмкіндіктерін кеңейту мен олардың әлеуетін іске асыруға жағдай жасау – ел дамуының маңызды шарты.

Білімге ұмтылу, еңбек ету және жаңашылдыққа ашық болу – жарқын болашаққа бастайтын жол.

ҒАЛЫМБЕК МЫРЗАХАНҰЛЫ
Арал ауданы, Аманөткел ауылдық округі клубының қызметкері
10 қазан 2026 ж. 88 0