«Ауыл аманаты» – ауыл берекесін арттырған жоба
Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастап, шаруашылығын өркендетуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Соның жарқын мысалы – Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылының тұрғыны Үміт Балмырзаева.
Кейіпкеріміз жоба аясында 7 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, асыл тұқымды ақ түсті ірі қара мал сатып алған. Бүгінде малдың күтіміне ерекше көңіл бөліп, жем-шөбі мен суын уақытылы беріп, шаруашылығын жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Үміт Балмырзаеваның айтуынша, ол бұл жобаға қатысуды бұрыннан армандаған. Бүгінде сол арманы орындалып, өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алды.
«Бұған дейін “Ауыл аманаты” жобасы туралы естіп, қатысуға ниеттеніп жүрген едім.
2025 жылы осы мүмкіндікті пайдаланып, асыл тұқымды ірі қара сатып алдым. Қазір шаруашылығымызды дамытып, мал басын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Алдағы мақсатымыз – ет өнімдерін экспортқа шығару. Осындай мүмкіндік жасап отырған жобаға алғысымды білдіремін», – дейді Үміт Балмырзаева.
Кәсіп иесінің алға қойған мақсаты айқын. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, шаруашылықты кеңейту арқылы ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосуды көздейді.
«Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындарының кәсібін қолдап, берекелі тіршілікке жол ашатын жоба!
Кейіпкеріміз жоба аясында 7 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, асыл тұқымды ақ түсті ірі қара мал сатып алған. Бүгінде малдың күтіміне ерекше көңіл бөліп, жем-шөбі мен суын уақытылы беріп, шаруашылығын жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Үміт Балмырзаеваның айтуынша, ол бұл жобаға қатысуды бұрыннан армандаған. Бүгінде сол арманы орындалып, өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алды.
«Бұған дейін “Ауыл аманаты” жобасы туралы естіп, қатысуға ниеттеніп жүрген едім.2025 жылы осы мүмкіндікті пайдаланып, асыл тұқымды ірі қара сатып алдым. Қазір шаруашылығымызды дамытып, мал басын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Алдағы мақсатымыз – ет өнімдерін экспортқа шығару. Осындай мүмкіндік жасап отырған жобаға алғысымды білдіремін», – дейді Үміт Балмырзаева.