Құқық пен бостандық – жауапкершілікпен мәнді
Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары — құқықтық мемлекеттің басты құндылықтарының бірі. Алайда өз құқығыңды білу жеткіліксіз. Оны жүзеге асыру барысында өзге адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу де маңызды.Қазақстан Республикасының Конституциясы әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, заңды сақтау міндетін де айқындайды. «Заң мен тәртіп» қағидатының мәні — қоғамда әділдік пен өзара құрметке негізделген орта қалыптастыру.
БЕРІК СҰЛТАНИЯЗОВ,
Арал аудандық жастар ресурстық орталығының директоры










