Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама аясында сот төрағасы Р.Алдамбергенов Арал индустриалды – техникалық колледжінің студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында сот төрағасы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударып, заң талаптарын сақтау мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Р.Алдамбергенов студенттерге қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама нормаларын түсіндіріп, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың түрлері, олар үшін көзделген жауаптылық және заң талаптарын бұзудың құқықтық салдары туралы кеңінен әңгімеледі.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар алды.
Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Арал аудандық соты
23 қазан 2026 ж. 61 0